
Мадридтiң "Реал" клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе өткен Еуропа маусымының үздік сұрмергені ретінде "Алтын бутса" жүлдесін иеленді. Марапатты алғаннан кейін француз футболшысы өз ойымен бөлісті.
«Баршаға сәлем! Мен испан тілінде сөйлеймін, себебі ешкім француз тілін түсінбейді (күледі).
Келгендеріңізге рахмет. Мен үшін "Алтын бутса" жүлдесін иелену – үлкен құрмет.
Бұл мен үшін өте маңызды. Командадағы серіктестеріме әрдайым жанымда болып, қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтқым келеді.
Біздің командамыз керемет және көптеген жетістіктерге жете аламыз. Мадридтің "Реал" клубының намысын қорғау – мен үшін үлкен бақыт.
Бұл армандарым бала күнімнен басталған. Енді осында жүргеніме қуаныштымын және ұзақ уақыт осы жерде боламын деп үміттенемін.
"Реал" жанкүйерлеріне де рахмет, олардың қолдауы өте маңызды. Келесі жолы да «Алтын бутса»-ны иеленемін деп үміттенемін.
Маусымды жақсы бастадым, бірақ көреміз. Барлығыңыздың қолдауыңызға рахмет.
Бізде мықты құрама бар. Осы маусымда көптеген жүлделерге қол жеткіземіз деп үміттенемін.
Ең маңыздысы – командалық жүлделер!» – деді Мбаппе. Мадридтің «Реал» клубы 1-қараша, сенбі күні Ла Лига аясында «Валенсияға» қарсы өз алаңында ойын өткізуге дайындалып жатыр.
Мбаппе "Алтын бутса" сыйлығын жеңіп алды
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз