
Кристал Пэлас орталық қорғаушысы Марк Геи Еуропаның топ клубтарының трансферлік тізімінде барған сайын жиі айтылуда. "Бүркіттер" капитаны болған футболшы 2026 жылдың жазында мерзімі аяқталатын келісімшартын ұзартпауға шешім қабылдаған.
Сондықтан, маусым аяқталғаннан кейін ол еркін агент ретінде басқа командаға өтуі мүмкін. Журналист Экрем Конурдың мәліметінше, 25 жастағы Англия құрамасының қорғаушысына "Ливерпуль" мен "Челси" қызығушылық танытып отыр.
Сондай-ақ, оған Мюнхеннің "Бавариясы", Мадридтің "Реалы" және Миланның "Интері" де қызығушылық білдіруде. Марк Гейдің Transfermarkt порталындағы бағасы 50 миллион еуроға тең.
Ол "Кристал Пэлас" құрамында жалпы 171 матчқа шығып, 9 гол соққан және 6 нәтижелі пас берген.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз