
ПСЖ-дың орталық қорғаушысы Лукаc Беральдо осы маусымда клубтан кетуі екіталай. 21 жастағы футболшы Луис Энрике командасындағы өз рөліне көңілі толмай, қысқы трансфер кезеңінде клубын ауыстырғысы келеді.
Алайда Le10 Sport басылымының мәліметінше, ПСЖ басшылығы бразилиялық футболшыны қаңтар айында босатуды жоспарлап отырған жоқ. Сонымен бірге, күтпеген жағдайлар болмаса, клуб құрамға жаңа футболшыларды да қоспайды.
Лукаc Беральдо осы маусымда 7 ойында алаңға шығып, 1 гол соқты. Transfermarkt сайтында оның нарықтық құны 25 миллион еуроға бағаланған.
Келісімі 2028 жылға дейін жарамды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар