
Мадридтің "Реал" клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе осы маусымда алдына қойған мақсаттары туралы айтты. Француз футболшысы маусымды тамаша бастады, "корольдік клуб" құрамында 13 ойында 16 гол соғып, 2 голға пас берді.
"Маусымға қойған мақсаттарым? Мен өзіме ешқашан шектеу қоймаймын.
Менің негізгі мақсатым – командаға көмектесу және әр мүмкіндікті пайдаланып гол соғу. Қаншалықты көп гол өзсам, соншалықты көп жүлделерге қол жеткізу мүмкіндігіміз артады.
Мен үшін әрдайым команданың жетістігіне үлес қосу маңызды. Бұл гол соғу немесе басқа нәрселер арқылы болуы мүмкін, алайда маңыздысы – жеңіс үшін қолдан келгеннің бәрін жасау", – деді Мбаппе Испания БАҚ-тарына берген сұхбатында.
"Реал" қазіргі уақытта Ла Лига турнир кестесінде бірінші орында тұр және "Барселонадан" бес ұпай алда. Чемпиондар лигасында да Хаби Алонсо басқаратын команда табысты өнер көрсетуде – 3 ойында 9 ұпай жинаған.
Мбаппе биылғы маусымдағы мақсатын айтты
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар