date

<titleДенис Черышев болашағы туралы айтты</title>


Мадридтің "Реал", "Валенсия" және "Вильярреал" клубтарының бұрынғы футболшысы Денис Черышев өз футболдық мансабының болашағы туралы пікір білдірді. "Мен қазір Мадридтемін.

Мансабымды жалғастыру үшін мүмкіндіктерді күтудемін. Футбол ойнауды әрі қарай жалғастырғым келеді.

Мен үшін Испаниядан жақсы жер жоқ, бірақ басқа нұсқаларға да дайынмын", – деп футболшының сөзін Marca басылымы келтіреді. Еске салайық, Черышевтің соңғы командасы Грекияның "Паниониос" клубы болған.

Ол бұл командадан өткен жазда кеткен. Грек клубында 24 матчқа қатысып, 5 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз