
Мадридтің "Реал" клубының жетекшісі Килиан Мбаппе команданың бұрынғы бас бапкері Карло Анчелотти мен қазіргі ұстазы Хаби Алонсо арасындағы айырмашылықтар туралы айтты. "Менің мансабым барысында бірнеше бапкерлермен жұмыс істеуге тура келді.
Әр маманның өзіндік философиясы бар. Алонсо Анчелоттиден өзгеше.
Хабидің өзіндік көзқарасы бар, команда оның талаптарын әлдеқашан түсініп үлгерді. Биылғы маусымда біз алға жылжып келеміз.
"Реал" дұрыс жолда, команда жүлделерге қол жеткізуге ұмтылуда", – деді француз шабуылшысы Marca басылымына берген сұхбатында. Айта кетейік, Алонсо өткен жазда "корольдік клубтың" бас бапкері қызметіне тағайындалған еді.
Ла Лига аясындағы он турдың қорытындысы бойынша, "Реал" турнир кестесінде көш бастап тұр.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз