date

Барселона Решфордты сатып алуы мүмкін

Барселона Рэшфордты сатып алуы мүмкін
Каталонияның "Барселона" клубы ағылшын шабуылшысы Маркус Рэшфордтың ойынына риза. "Көк-анаргүлділер" 28 жастағы футболшыны "Манчестер Юнайтедтен" сатып алуды қарастырып отыр.

Бұл туралы Sport.es хабарлайды. Трансфер тек бір шартпен жүзеге асуы мүмкін – егер Маркус жалақысын едәуір азайтуға келіссе ғана.

Өйткені, "Барселонада" оған "Манчестер Юнайтед" ұсынған шарттарды қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ. Рэшфорд 2025 жылдың жазында "қызыл шайтандардан" "көк-анаргүлділер" сапына жалға алынған болатын.

Оның келісімшарты 2026 жылдың маусым айына дейін жарамды. Осы маусымда Маркус Ла Лига аясында он ойында алаңға шықты.

Ол бір гол соғып, төрт нәтижелі пас берген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Барселона Решфордты сатып алуы мүмкін