
Француз маманы Патрик Виейра Генуядағы «Дженоа» клубының бас бапкерлігінен қызметінен босатылды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Италия клубы бұрынғы бапкеріне атқарған еңбегі үшін алғыс айтып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Еске сала кетейік, Виейра өткен жылдың қараша айынан бері «Дженоа»-ны басқарып келген еді.
Ағымдағы маусымда генуялықтар Италия чемпионатында сәтсіз ойын көрсетіп жатыр. Тоғыз турдан кейін «Дженоа» небәрі үш ұпай жинап, А Серия турнир кестесінде соңғы орынды иеленіп тұр.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар