date

Кейбір "Барселона" футболшылары Фликтен наразы

Кейбір "Барселона" футболшылары Фликтен наразы
Ханс-Дитер Фликтің жаттығу әдістері "Барселона" футболшыларының барлығына бірдей ұнамайды. Diario AS басылымының хабарлауынша, команданың кейбір ойыншылары неміс бапкерінің дене дайындығына жеткілікті көңіл бөлмейтініне наразы.

Сол себепті олар клуб базасынан тыс қосымша дене дайындығымен айналысуда. Ханс-Дитер Флик өткен жылдың жазында "Барселонаның" бас бапкері болып тағайындалған еді.

Оның жетекшілігімен команда бірінше маусымда-ақ Испанияның ішкі турнирлеріндегі барлық жүлделерді жеңіп алған болатын. Қазіргі уақытта каталондықтар Ла Лига турнир кестесінде екінші орында тұр.

Олар көшбасшы Мадридтің "Реал" клубынан бес ұпайға қалып келеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Кейбір "Барселона" футболшылары Фликтен наразы