date

Спаллетти «Ювентуспен» скудетто ұта алады

Спаллетти "Ювентус"пен скудетто жеңуі мүмкін
"Ювентус" клубы бейсенбі күні 66 жастағы маман Лучано Спаллеттиді бас бапкер етіп тағайындағанын ресми түрде хабарлады. Ол қызметінен босатылған Игор Тудордың орнына келді.

Италиялық агент Вито Сиделла "Euro-Futbol.Ru" интернет басылымына берген эксклюзивті сұхбатында Спаллеттидің тағайындалуын қолдады: "Мен Спаллеттидің "Ювентусқа" бас бапкер болып тағайындалуын дұрыс шешім деп санаймын. Клуб басшылығы түрлі тәжірбиелердің орнына тұрақтылықты таңдады.

Болашақта Спаллетти "Ювентус"пен скудетто жеңуі мүмкін деп ойлаймын". Лучано Спаллеттидің "Ювентус"пен келісімшарты осы маусымның соңына дейін жасалған.

Егер команда Чемпиондар лигасына жолдама алса, келісімді ұзартуға мүмкіндік қарастырылған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Спаллетти «Ювентуспен» скудетто ұта алады