date

Флик: "Мен Ямалмен сөйлестім"

Флик: "Мен Ямалмен сөйлестім"
«Барселонаның» бас бапкері Ханс-Дитер Флик Ламин Ямал жайлы өз пікірін айтты. Соңғы уақытта «көк-анар түстілердің» 18 жастағы жұлдызы алаңдағы жетістіктеріне қарағанда, жеке өмірі және маусым барысында оны мазалап жүрген жарақатына байланысты мәселелері көбірек айтылуда.

«Мен Ламинмен ашық сөйлестім. Біз бір-бірімізге өте шынайы болдық.

Мен әрдайым оны қолдаймын және қорғаймын. Ол әлі өте жас», — деді Флик баспасөз мәслихатында.

Жексенбі күні «Барселона» Ла Лига аясында «Эльче» командасына қарсы ойнайды. Өткен турда каталониялықтар «Сантьяго Бернабеуде» «Реал Мадридтен» 1:2 есебімен ұтылған еді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Флик: "Мен Ямалмен сөйлестім"