
Мадридтің "Реал" футбол клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе тағы да гол салмай алаңнан кетпеді – ол "Валенсияға" қарсы ойында (4:0) дубль жасады. Француз футболшысы ойынның алғашқы екі голын соқты, олардың бірін пенальтиден енгізді.
Мбаппе Ла Лигасында "корольдік клуб" сапында өткізген 45 ойында 44 голға жетті. Осылайша, 26 жастағы форвард "Реалдың" заманауи рекордын жаңартты.
Бұл рекорд бұған дейін Криштиану Роналдуға тиесілі болып, ол да "Реал" сапындағы алғашқы 45 ойында 43 гол соққан еді. Килиан Мбаппе "Реалға" 2024 жылдың жазында қосылған болатын.
Өткен маусымда ол 31 голмен Ла Лиганың ең үздік сұрмергені атанды және қазіргі маусымда да 13 голмен сұрмергендер жарысында көш бастап тұр.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар