
Лига 1-дің 11-турында "Осер" өз алаңында "Марсельді" қабылдады. Командалар турнир кестесінің қарама-қарсы ұштарында орналасқанына қарамастан, ойын тартысты әрі тең дәрежеде өтті.
Ойынның 30-минутында "Осер" қақпашысы пас қайтармақ болғанда, доп Анхел Гомеске түсті және ол дәл соққымен есеп ашты – 0:1. Екінші тайм басында Денни Намасоның соққысы "Марсель" қақпасына бағытталған еді, бірақ гол офсайд себепті есепке алынбады.
Сондай-ақ, Ибрахим Осман қауіпті соққы жасады, алайда қақпашы бұл сәтте шеберлік көрсетті. "Марсель" 65-минуттан бастап он адаммен ойнауға мәжбүр болды, себебі Улисс Гарсия Жозуэ Касимирге өрескел ойнағаны үшін қызыл карточка алды.
Қосымша уақытта "Осер" ойыншысы Синали Диоманд да екінші сары карточка алып, алаңнан қуылды. Бұл жеңіспен "Марсельдің" ұпайы 22-ге жетіп, "Монакоды" екінші орыннан ығыстырды.
"Осер" болса турнир кестесінің соңғы орындарының бірінде қалуда.
Марсель аутсайдерді әрең жеңді
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз