date

Вальверде: "Реал"дың ірі жеңісі туралы


Мадридтің "Реал" командасының жартылай қорғаушысы Федерико Вальверде "Валенсияны" 4:0 есебімен ірі жеңгеннен кейін өз ойларымен бөлісті. Ойында Килиан Мбаппе (дубль), Джуд Беллингем және Альваро Каррерас гол соқты.

Вальверде ойыннан кейін берген сұхбатында былай деді: "Біз жақсы бастадық, бірақ 3:0 есебінен кейін сәл бәсеңдедік, бұл табиғи жағдай. Біз қателіктерді азайтуға және өзімізді одан әрі жетілдіруге ұмтылуымыз керек.

Допты жоғалтқан кезде оны дереу қайтаруға тырысамыз, бұл бізге көбірек мүмкіндік жасауға көмектеседі. Бұл бағытта дамуды жалғастыруымыз қажет.

Команда одан да мықты болу үшін үлкен күш салып жатыр". Осы нәтижеден кейін "Реал" командасы "Барселонадан" сегіз ұпайға алға шығып кетті.

Сонымен қатар, каталондықтардың бір ойыны запасқа қалған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Вальверде: "Реал"дың ірі жеңісі туралы