date

Эндрик бұл маусымда алғаш рет алаңға шықты

Эндрик бұл маусымда алғаш рет алаңға шықты
Мадридтің "Реал" клубының шабуылшысы Эндрик бұл маусымда алғаш рет қараша айында алаңға шықты. 19 жастағы футболшы сенбі күні "Валенсияға" қарсы Ла Лига кездесуінде 79-минутта Килиан Мбаппені алмастырды.

Ол кезде есеп "патшалық клубтың" пайдасына 4:0 еді. Бразилиялық футболшы бұл маусымда алғаш рет ойынға қатысып, сонымен қатар бұл оның қазіргі бас бапкері Хаби Алонсоның қол астындағы алғашқы ойыны болды.

Эндрик бұған дейінгі ойынын 18 мамыр күні өткізген еді. Ол кезде команданы Карло Анчелотти басқарған.

Кейін жас шабуылшы жарақат алған, қыркүйек айынан бастап сауығып кеткеніне қарамастан қосалқы құрамда отырған. Қаңтар айында Эндрик жалға алу негізінде Францияның "Лион" клубына ауысуы мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Эндрик бұл маусымда алғаш рет алаңға шықты