
Испания Ла Лигасының 11-турында "Реал Мадрид" өз алаңында "Валенсияны" қабылдап, 4:0 есебімен сенімді жеңіске жетті. Кездесу 1 қараша күні Мадридтегі "Сантьяго Бернабеу" стадионында өтті.
Хаби Алонсоның шәкірттері бірінші таймда-ақ қарсыласын жеңу үшін жеткілікті басымдыққа ие болды. 19-минутта "Реалдың" шабуылшысы Килиан Мбаппе пенальтиден есеп ашты.
Араға он минут салып, Мбаппе тағы да қарсылас қақпасын дәлдеп, өз дублін рәсімдеді. Бірінші таймның соңғы минуттарында Джуд Беллингем керемет соққымен есепті 3:0-ге жеткізді.
Екінші таймда "Реал" көбінесе күшін үнемдеуге тырысты. Соған қарамастан, 82-минутта Альваро Каррерас қарсылас айып алаңы маңынан дәл соққы жасап, командасының төртінші голын салды.
Осылайша, "Реал Мадрид" сенімді жеңіспен 3 ұпайды еншілеп, Ла Лигадағы көшбасшылығын жалғастырды. Кездесу барысында Винисиус Жуниор пенальтиден гол соға алмады және Арда Гүлердің соққысын да қақпашы қайтарды.
Сонымен қатар, "Реал" өз күшін сақтап қалып, келесі аптада Чемпиондар лигасындағы "Ливерпульге" қарсы ойынға дайындалуда.
Реал Валенсияны ірі есеппен жеңді
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз