
Мюнхеннің "Бавария" клубының бас бапкері Венсан Компани Германия Бундеслигасының тоғызыншы турында Леверкузеннің "Байер" клубына қарсы ойынынан кейін пікірін білдірді. Қожайындар кездесуде 3:0 есебімен жеңіске жетті.
«Бұл кездесуде ойын қарқынын жоғары деңгейде ұстап тұру маңызды болды. Біз бұл міндетті өте жақсы орындадық, тіпті Кейн, Диаш пен Олисе алаңға шықпаса да.
Мен ойыншыларымның тәжірибе жинауына, оларға көбірек ойын тәжірибесін беруге тырыстым. Біз 15 жеңіске жеттік және осы жерден тоқтамақ емеспіз», – деді бас бапкер Бундеслига баспасөз қызметіне.
Германия чемпионатының тоғыз турынан кейін Мюнхен командасы 27 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастап тұр. "Бавария" келесі ойынын УЕФА Чемпиондар Лигасы аясында Францияның "ПСЖ" клубына қарсы өткізеді.
Бавария Леверкузеннi 3:0 есебiмен жеңдi
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар