date

Симеоне: Пенальти ойынды ашуға көмектесті

Симеоне: Пенальти ойынды ашуға көмектесті
Мадридтің "Атлетико" командасының бас жаттықтырушысы Диего Симеоне "Севилья" үстінен 3:0 есебімен ірі жеңіске жеткен соң баспасөзге сұхбат берді. Осы ойында Хулиан Альварес, Тиаго Альмада және Антуан Гризманн гол соқты.

"Мен Руджеридің ойынымен, орталық қорғаудағы Гантсконің іс-әрекеттерімен және жартылай қорғаудағы Баэна ойынымен өте риза болдым. Бірақ біз бұдан да жоғары нәтижелерге ұмтыламыз.

Мен бұнда тоқтап қалғым келмейді, әрбір футболшыдан жақсы нәтиже шығаруға тырысамыз, себебі олар өте талантты," – деді Симеоне "Into the Calderon" басылымына берген сұхбатында. "Бірінші таймнан кейін гол соға алмағанымызға көңіліміз қалды.

"Севилья" мықты қорғанды, бізде 2-3 мүмкіндік болды, бірақ гол соғудың сәті түспеді. Бұл бізді сәл өкiнiшке салды, алайда қысымды жалғастыру керек болды.

Пенальти қарсылас қорғанысын бұзуға көмектесті, жасаған өзгерістеріміз көбірек бос орын мен мүмкіндіктер туғызды, нәтижесінде мықты екінші тайм өткіздік," – деді жаттықтырушы. Қазіргі уақытта "Атлетико" 22 ұпаймен турнир кестесінде төртінші орында тұр.

Ал "Севилья" 13 ұпаймен он бірінші орынға жайғасқан.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Симеоне: Пенальти ойынды ашуға көмектесті