date

Спаллетти: "Ювентустың" жеңісі туралы айтты


Италия чемпионатының 10-турында "Ювентус" сырт алаңда "Кремонезе" командасын 2:1 есебімен жеңді. Осы ойынынан кейін "кәрі сеньораның" бас бапкері Лучано Спаллетти өз пікірлерін білдірді.

"Команда бірінші таймның көп бөлігінде жақсы ойнады. Гол соғу үшін жеткілікті мүмкіндіктеріміз болды, бірақ оларды пайдалану жағынан жұмыс істеуіміз керек.

Команада үлкен әлеует бар", – деді италиялық маман клубтың баспасөз қызметіне. Осы жеңістен кейін "Ювентус" қоржынына 18 ұпай қосып, А Серия турнир кестесінде бесінші орынды иеленді.

Спаллеттидің шәкірттері көшбасшы "Наполиден" төрт ұпайға қалып келеді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Спаллетти: "Ювентустың" жеңісі туралы айтты