date

Барселона Гарри Кейнді сатып алуды жоспарлап отыр

Барселона Гарри Кейнді сатып алуды жоспарлап отыр
Англиялық шабуылшы Гарри Кейн Мюнхеннің "Бавария" клубынан Испанияның "Барселона" командасына ауысуы мүмкін. Бұл туралы Sport.es басылымы хабарлады.

Дереккөздің айтуынша, 32 жастағы шабуылшы Каталония клубының трансферлік тізіміне енген. Келер жылдың жазында Кейнді Германияның алып клубынан 65 миллион еуроға сатып алуға болады.

"Барселонада" ол 37 жастағы польшалық шабуылшы Роберт Левандовскийдің орнын басуы көзделуде. Англиялық футболшы "Бавариямен" 2027 жылдың маусым айына дейін келісімшартқа отырған.

Ағымдағы маусымда Кейн Бундеслигада 9 ойында алаңға шығып, 12 гол соқты және 3 голдық пас берді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Барселона Гарри Кейнді сатып алуды жоспарлап отыр