date

«Штутгарт» бас бапкері: Бүгін бізге шешуші сәт жетіспеді

"Штутгарт" бас жаттықтырушысы: Бүгін бізге шешуші сәт жетіспеді

Бундеслиганың 9-турында "Штутгарт" пен "РБ Лейпциг" арасындағы кездесу 1:3 есебімен аяқталды. "Штутгарт" бас жаттықтырушысы Себастьян Хёнесс ойын нәтижелері туралы өз пікірін білдірді.

"Бұл жоғарғы деңгейдегі, қарқынды өткен кездесу болды. Алғашқы минуттарда Нюбель бізді бірнеше рет құтқарып қалды.

5-минуттан 30-минутқа дейін дерлік өте жақсы ойнадық, бірақ өзімізді голмен марапаттай алмадық. Осыдан кейін ойын ашық сипат ала бастады және қарсыластың есеп ашуы әділетті болды.

Екінші тайм басында соғылған екінші гол біздің міндетімізді одан әрі қиындатты. Командамыз күресті жалғастырды, өзіне сенді және бір гол соғуға қол жеткізді.

Алайда бүгін бізге шешуші сәт жетіспеді. Біз "Лейпцигпен" ұзақ уақыт тең дәрежеде ойнадық және осы ойында біраз оң сәттерді алуға болады", - дейді Хёнесс.

Осы ойынынан кейін "Штутгарт" 19 ұпаймен төртінші орында қалды. "РБ Лейпциг" болса, 22 ұпаймен екінші орынға көтерілді. Бұған дейін, жеңімпаз команда жаттықтырушысы Оле Вернер де ойын нәтижелеріне түсініктеме берген болатын.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » «Штутгарт» бас бапкері: Бүгін бізге шешуші сәт жетіспеді