
Мадридтің "Реал" клубының бұрынғы футболшысы Предраг Миятович "корольдік клубтың" орталық шабуылшысы Килиан Мбаппенің осы маусымдағы ойынын жоғары бағалады. "Бұл нағыз ғажайып.
Маусым басында ол біраз қиындықтарға тап болған еді, бірақ кейін өз ырғағын тапты. Өкінішке қарай, ол 2025-жылы ұжымдық жүлде жеңе алмады, бірақ бұл маусым өзгеше болады", - деді Миятович Cadena SER басылымына берген сұхбатында.
Сондай-ақ, маман француз футболшысының орталық жартылай қорғаушы Арда Гүлермен жақсы серіктестік орнатқанын атап өтті. Осы маусымда Мбаппе Хаби Алонсо баптайтын команда сапында 14 ойында 18 гол соғып, 2 нәтижелі пас жасады.
"Реал" қазіргі уақытта Ла Лигада 30 ұпаймен бірінші орында тұр.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар