date

Энцо Мареска Жоау Педроның голына түсініктеме берді

Энцо Мареска Жоао Педроның голына түсініктеме берді
«Челси» бас бапкері Энцо Мареска шабуылшы Жоао Педроның көптен күткен голы туралы пікір білдірді. Бразилиялық футболшы алдыңғы сегіз ойында гол соға алмаған еді.

Алайда, сенбі күні бұл сәтсіз серия аяқталды: 24 жастағы шабуылшы АПЛ аясында «Тоттенхэмге» қарсы ойында командасының жалғыз голын соқты. «Педро біз үшін ешқашан мәселе болған емес.

Оның жалғыз мәселесі – денсаулығына байланысты күн сайын жаттығуға қатыса алмады, әр матчқа 100% дайын бола алмады. Жоао гол соғуды жалғастырады.

Ол «Ливерпульге» қарсы ойында да өте жақсы болды. Енді Лиам Делап та оралды, шабуылда мүмкіндіктеріміз бұрынғыдан да артты», – деді Мареска баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетейік, Жоао Педро өткен жазғы трансфер терезесінде «Брайтоннан» «Челсиге» 60 миллион еуродан астам қаржыға ауысып келген еді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Энцо Мареска Жоау Педроның голына түсініктеме берді