date

Рим аңызы Де Росси Дженуаны басқаруы мүмкін

Риманың аңыз ойыншысы Де Росси Дженуаны басқаруы мүмкін
Рим клубының аңыз ойыншысы Даниэле Де Росси "Дженоа" командасының жаңа бас бапкері болуға негізгі үміткерлердің бірі ретінде қарастырылуда. Биылғы жылдың 1 қарашасында француз маманы Патрик Виейра қызметінен кеткен еді.

Алда "Сассуолоға" қарсы ойында команданы уақытша бапкерлер — Роберто Мургита мен Доменико Кришито басқарады. А Сериясының 9-турынан кейін небәрі 3 ұпаймен турнир кестесінің соңғы сатысында тұрған "Дженоа" кейін тұрақты бас бапкер іздей бастайды.

Кришито мен Мургитаның тұрақты бапкер ретінде қалуы да мүмкін. Сонымен бірге, La Gazzetta dello Sport мәліметінше, бұл қызметке Раффаэле Палладино, Паоло Ваноли, Лука Готти және Даниэле Де Росси сияқты басқа үміткерлер де таласуда.

Де Росси "Романы" 2024/25 жылғы маусымда тастап кеткеннен бері жұмыссыз жүрген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Рим аңызы Де Росси Дженуаны басқаруы мүмкін