
Вулверхэмптон командасының бас бапкері, португалиялық маман Витор Перейра қызметінен кетті. Бұл туралы клубтың ресми сайтында хабарланды.
Перейраның қызметінен кетуі Англия Премьер-лигасының ағымдағы маусымындағы сәтсіз бастауға байланысты орын алған. Қазіргі уақытта команданың жаттығуын жастар командасының бапкерлері Джеймс Коллинз бен Ричард Уокер жүргізуде.
«Біз Витор мен оның ұжымына атқарған еңбектері үшін алғыс айтамыз және оларға болашақтағы қызметтерінде сәттілік тілейміз», – делінген клуб хабарламасында. Англия чемпионатының 10-турынан кейін «қасқырлар» турнир кестесінде екі ұпаймен соңғы орында тұр.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар