date

Пауло Дибала “Милан”ға қарсы пенальти соға алмады және жарақат алды

Пауло Дибала “Милан”ға қарсы пенальти соға алмады және жарақат алды
“Рома” шабуылшысы Пауло Дибала “Милан”ға қарсы ойында пенальти соға алмады. Аргентиналық футболшы 82-минутта 11 метрлік айып добын орындады, бірақ “россонерилердің” қақпашысы Майк Меньян оның соққысын қайтара алды.

Бұл Дибаланың “Рома”-дағы алғашқы сәтсіз пенальти соққысы болды. Бұған дейін ол пенальтиден 18 рет қатарынан сәтті пайдаланған еді.

Opta мәліметіне сәйкес, Дибала соңғы рет пенальтиді 2021 жылдың қараша айында мүлт жіберген, ол кезде “Ювентус” намысын қорғаған болатын. “Милан”ға қарсы ойында пенальти орындаған Дибала жарақат алды және 84-минутта алаңнан кетуге мәжбүр болды.

Рим клубы “Сан-Сиро” стадионында минималды есеппен жеңіліске ұшырады. Жұма күні Джан Пьеро Гасперинидің командасы Еуропа лигасы аясында “Рейнджерсқа” қарсы ойнайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Пауло Дибала “Милан”ға қарсы пенальти соға алмады және жарақат алды