
«Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Коби Мейну Италия чемпионатына ауысуы мүмкін екендігін Daily Mirror басылымы хабарлады. Ақпарат көзіне сәйкес, 20 жастағы футболшыны «Наполи» өз қатарына қосуды жоспарлап отыр.
Неапольдықтар Мейнуны қысқы трансферлік кезеңде жалға алып, кейін сатып алу құқығына ие болғысы келеді. Италиялық клуб футболшыға аптасына 40 мың еуро жалақы төлеуге дайын.
Жартылай қорғаушы ойын тәжірибесін арттыру мақсатында команданы ауыстыруға дайын екенін білдірген. Ағымдағы маусымда Коби Мейну «қызыл шайтан» сапында сегіз ойынға қатысып, бір гол соға алды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар