date

Марио Баслер Кейн және Левандовски туралы пікір білдірді

Марио Баслер Кейн және Левандовски туралы пікір білдірді
«Баварияның» бұрынғы футболшысы Марио Баслер мюнхендік команда шабуылшысы Харри Кейн мен команданың бұрынғы шабуылшысы, қазіргі таңда «Барселона» намысын қорғап жүрген Роберт Левандовскидің ойыны туралы өз пікірін білдірді. Сарапшы бұл футболшылардың біреуін таңдау керек болған жағдайда, кімді таңдары туралы сұраққа жауап берді.

«Бұл өте қиын сұрақ. Мен олардың ешқайсысының көңіліне тиюді қаламаймын.

Дегенмен таңдау жасау керек болса, мен Роберт Левандовскиді таңдар едім», – деді Баслер Goal басылымына берген сұхбатында. Харри Кейн 2023 жылдан бері «Бавария» сапында өнер көрсетуде.

Англиялық футболшы барлық турнирлерде жалпы 111 матчқа шығып, 107 гол соққан және 29 нәтижелі пас берген. Ал Роберт Левандовски «Баварияда» сегіз маусым бойы ойнаған.

Ол 375 матчта 344 гол соққан және 73 нәтижелі пас берген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Марио Баслер Кейн және Левандовски туралы пікір білдірді