date

Маттеус: “Вультемаде Премьер-лигада өз құнын дәлелдеуде”

Маттеус: “Вультемаде Премьер-лигада өз құнын дәлелдеуде”
Германиялық шабуылшы Ник Вультемаде соңғы жылы жарқын ойынымен жұрт назарын өзіне аударды және Англияның "Ньюкасл" клубы тарихындағы ең қымбат трансферлердің біріне айналды. Ол жаңа командасында өзін жақсы көрсетіп, әлдеқашан алты гол соғуға қол жеткізді.

Оның жетістіктерін аңызға айналған футболшы Лотар Маттеус та жоғары бағалады және футболшы үшін төленген қаржыны ақталған деп санайды. "Қазіргі кезде оның құны одан да жоғары болуы мүмкін.

Ол Англия Премьер-лигасында гол соғуда, Германия құрамасы сапында да алғашқы голын енгізді. Бұл футболшының абыройы мен құнын арттырады.

Бірақ мен сенімдімін, ол жақын болашақта 'Ньюкаслдан' кетпейді", - деді Маттеус Bild басылымына берген сұхбатында. Айта кетейік, Ник Вультемаде бұған дейін Германияның "Штутгарт" командасында ойнаған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Маттеус: “Вультемаде Премьер-лигада өз құнын дәлелдеуде”