Вератти: Түстен кейін жаттығу жасаған ұнайды

Францияның ПСЖ клубының және Италия ұлттық құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Марко Верратти Таяу Шығыс, атап айтқанда Катарда өмір сүрудің өзіндік тартымды жақтары туралы әңгімеледі. Қазір ол дәл осы елде еңбек етуде.
Футболшының айтуынша, мұнда өмірдің басқа ырғағы бар. "Ашық айтсам, мұнда доппен жұмыс істеу, жүгіруден гөрі көбірек ұнайды.
Тағы да айтарым, маған мұнда өмір таңертең емес, түстен кейін және кешке, шамамен сағат 16:00-ден бастап жандана бастайтыны ұнайды. Жаттығулардың түстен кейін өтуі және таңертеңгі жаттығудың болмауы маған өте ұнайды", - деді Верратти, оның сөзін derbyderbyderby.it басылымы келтіреді.
Еске салсақ, Марко Верратти өз уақытында "Пескара" командасының намысын да қорғаған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз