date

Наингголан: "Көп таптым, бірақ көп жұмсадым"

Наингголан: "Көп таптым, бірақ көп жұмсадым"
Бельгиялық жартылай қорғаушы Раджа Наингголан өзінің қаржылық әдеттері туралы әңгімеледі, әсіресе үлкен табыс таба бастаған кездерін есіне алды. "Мен «Кальяри» клубында айына үш мың еуро алғаннан кейін ең болмаса сәл жақсы табыс таба бастадым.

Алайда тез арада бұдан да көп ақша табу керек екенін түсіндім. Мәселе мынада: бір кездері көп ақша таба бастағанымда, сондай көп жұмсауды да бастадым.

Әсіресе, достарыма. Мен оларға бір қап ақша жұмсадым", - деді футболшы бельгиялык танымал блогер Жуниор Фертонгенмен «Take a Seat» подкастындағы сұхбатында.

Раджа Наингголан Италияда «Кальяриден» бөлек Миланның «Интер» және Римнің «Рома» клубтарында да ойнаған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Наингголан: "Көп таптым, бірақ көп жұмсадым"