
Мадридтің "Реал" командасының бұрынғы бас бапкері Карло Анчелотти жақында "Эль-Класико"дағы Виниус Жуниормен байланысты жағдай туралы айтты. Бразилиялық вингер "Барселонаға" қарсы ойында ауыстырылғанына наразы болып, бапкер Хаби Алонсоға наразылық білдірді.
Осыдан кейін баспасөзде футболшы мен бапкер арасындағы шиеленісті қарым-қатынастар туралы хабарлар пайда болды. Сонымен қатар, жұлдызды футболшының клубтан кететіні туралы қауесеттер қайтадан өрши түсті.
"Мен Виниуспен "Эль-Класико"дағы ауыстыруға білдірген қарым-қатынасы жайлы сөйлестім. Ол қателескенін мойындады және бұл туралы ашық әңгімелестік.
Ол өз қателігін түсініп, кешірім сұрады, сондықтан мәселе шешілді деп ойлаймын", – деді қазіргі таңда Бразилия құрамасын басқарып отырған Анчелотти баспасөз мәслихатында. Еске сала кетейік, италиялық маман биылғы жылдың мамыр айында "Реалдан" кеткен болатын.
Анчелотти: Виниуспен мәселемізді шештік
Ctrl
 Enter
 Қате таптыңыз ба? 
 Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар