
Бразилиялық шабуылшы Кевин, құқықтары Лондонның "Фулхэм" клубына тиесілі, Англияның ірі клубтарының бірінің назарын өзіне аударды. Бұл туралы Football Insider басылымы хабарлайды.
Дереккөзге сәйкес, 22 жастағы шабуылшыны қазіргі Премьер-лига чемпионы – "Ливерпуль" сатып алуға қызығушылық танытып отыр. Бразилиялық футболшының трансферлік құны шамамен 30 миллион еуро деп бағалануда.
Ағымдағы маусымда Кевин "Фулхэм" сапында 9 ойында алаңға шығып, бір нәтижелі пас берді. Англия чемпионаты турнир кестесінде "қызылдар" үшінші орында тұр, ал "Фулхэм" 15-орында орналасқан.
Ctrl
 Enter
 Қате таптыңыз ба? 
 Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар