date

Анчелотти Неймарды ұлттық құрамаға шақырмады

Анчелотти Неймарды ұлттық құрамаға шақырмады
Бразилия ұлттық құрамасы осы айдың ортасында екі жолдастық кездесу өткізеді. Команданың бапкерлер штабы алдағы ойындарға құрамды жариялады.

Айта кету керек, «селесаоның» бас бапкері Карло Анчелотти жуырда жарақаттан айыққан «Сантос» клубының жұлдыз шабуылшысы Неймарды ұлттық құрамаға шақырмады. 33 жастағы футболшы жақында Бразилия чемпионаты аясында «Форталезаға» қарсы ойында алаңға шыққан еді.

15 қараша күні Бразилия ұлттық құрамасы Сенегал құрамасына қарсы алаңға шығады. Бұл кездесу Лондонда өтеді.

18 қараша күні Анчелотти шәкірттері Тунис құрамасымен ойнайды. Бұл жолдастық кездесу Францияның Лилль қаласында ұйымдастырылады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Анчелотти Неймарды ұлттық құрамаға шақырмады