
Бұрынғы футболшы Гари Невилл «Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Беньямин Шешконың ағымдағы маусымдағы ойынын бағалады. «Шешко аздап қолайсыз әрекет етуде, ол бірнеше рет қақпаға бағыттаған соққыларын дәл орындай алмады.
Иә, ол әлі жас футболшы және жаңа командасына үйренісуде, бірақ 80 миллион фунттық трансфер бағасы үшін одан көбірек нәрсе күтеді», — деді Невилл Daily Mail басылымына берген сұхбатында. Сарапшының ойынша, Словения ұлттық құрамасының шабуылшысы «Манчестер Юнайтедтің» өзге екі шабуылшысы – Брэйян Мбеумо мен Матеус Кунья деңгейінен айтарлықтай төмен.
Шешко осы жазда «РБ Лейпцигтен» «қызыл әзәзілдер» қатарына қосылған еді. Ол «Манчестер Юнайтед» сапында осы уақытқа дейін 11 матчқа қатысып, 2 гол мен 1 нәтижелі пас берді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар