date

Девид "Ювентус"тан кетпейді

Девид "Ювентустан" кетпейді
Канадалық шабуылшы Жонатан Девидтің "Ювентус"-тағы болашағына қатысты жаңа мәліметтер пайда болды. Танымал инсайдер Фабрицио Романоның хабарлауынша, 25 жастағы футболшы соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдарында тараған хабарларға қарамастан, Италия алып клубынан кетуді жоспарламайды.

Романоның айтуынша, Девид толықтай "Ювентус" сапындағы ойындарға назар аударған және басқа клубтармен ешқандай байланыс не келіссөз жүргізбеген. Девид биылғы жазғы трансфер кезінде "Ювентус"-қа қосылған.

Ол команда сапында жалпы 12 ойынға қатысып, бір гол соғып, бір мәрте нәтижелі пас берген. Transfermarkt мәліметі бойынша, Девидтің трансферлік құны 45 миллион еуроны құрайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Девид "Ювентус"тан кетпейді