date

Гари О’Нил "Вулверхэмптонға" оралудан бас тартты


Жақында Гари О'Нилдың қайтадан "Вулверхэмптон" бас бапкері болуы мүмкін екендігі туралы хабарлар пайда болды. Бірақ журналист Бен Джейкобс бұл ақпараттарды жоққа шығарды.

Дереккөз мәліметінше, "қасқырлар" басшылығы 42 жастағы маманға клубқа қайта оралуға ұсыныс жасаған, алайда О'Нил бұл ұсыныстан бас тартқан. Еске сала кетейік, ағылшын маманы 2023-2024 жылдары "Вулверхэмптонның" бас бапкері ретінде жұмыс істеді және клубта шамамен 1,5 жыл еңбек етті.

Қызметінен босатылғаннан бері О'Нил әлі жаңа жұмыс тапқан жоқ. АПЛ-дың 10-турынан кейін "Вулверхэмптон" лига турнир кестесінде бар болғаны екі ұпаймен соңғы орында тұр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Гари О’Нил "Вулверхэмптонға" оралудан бас тартты