
“Ливерпуль” капитаны Виржил ван Дейк Чемпиондар лигасы аясында “Реалға” қарсы өтетін алдағы ойын алдында өз пікірімен бөлісті. “Сенбі күні біз дұрыс бағытта бір қадам жасадық, бірақ енді үлкен ойында тағы да мықты ойын көрсетуіміз керек.
Чемпиондар лигасында “Энфилдте” “Реалға” қарсы ойыннан үлкенірек ойын болмайды. Өзінен өзі түсінікті, бәріміз бұл сынақты асыға күтіп отырмыз.
Футболшы ретінде мұндай түндер үшін өмір сүреміз”, – деді ван Дейк “Ливерпульдің” ресми сайтына берген сұхбатында. “Ливерпуль” мен “Реалдың” ойыны Мәскеу уақыты бойынша сағат 23:00-де басталады.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз