
Өткен сейсенбі күні Еуропаның ең үздік жас футболшысына берілетін беделді Golden Boy сыйлығының иегері жарияланды. Бұл сыйлықты 21 жасқа дейінгі футболшыларға жыл сайын Tuttosport газеті табыстайды.
2025 жылы бұл марапатқа "ПСЖ" вингері Дезире Дуэ ие болды. Дезире өткен маусымда өз командасымен барлық жүлделерді, соның ішінде Чемпиондар лигасы кубогын жеңіп алды.
Турнир финалында "ПСЖ" "Интерді" 5:0 есебімен жеңді, ал Дуэ дубльдің авторы болды. Golden Boy сыйлығы алғаш рет 2003 жылы тапсырылған.
Соңғы бес жылда бұл сыйлыққа Педри, Гави, Джуд Беллингем, Ламин Ямал және енді Дезире Дуэ лайық деп танылды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз