date

Роналду: "Аморим ғажайыптар жасай алмайды"

Роналду: "Аморим ғажайыптар жасай алмайды"
Криштиану Роналду соңғы жылдардағы "Манчестер Юнайтед"-тің мәселелері тек қана футболшылар мен бапкерлерге байланысты еместігін атап өтті. Белгілі шабуылшы отандасы Рубен Аморимді қолдады.

Аморим қазіргі уақытта команданың бас бапкері болып қызмет атқаруда. "Аморим қолынан келген барлық істі атқаруда.

Ол не істей алады? Ғажайыптар жасай ала ма?

Ғажайыптар мүмкін емес. Біздің Португалияда айтады: "Ғажайыптар тек Фатимада болады"...

Ал [Аморим] болса олай ғажайып көрсете алмайды. Командада жақсы футболшылар бар, бірақ кейбіреулері тіпті "Манчестер Юнайтед" не екенін түсінбейді", — деді Роналду Пирс Морганға берген сұхбатында.

Апта соңында "Манчестер Юнайтед" "Ноттингем Форестпен" тең түсті (2:2). "Қызыл әзәзілдер" қазір Премьер-лига кестесінде сегізінші орында тұр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Роналду: "Аморим ғажайыптар жасай алмайды"