date

Холанд: "Боруссия" керемет клуб

Холанд: "Боруссия" тамаша клуб
Чемпиондар Лигасының төртінші турында "Манчестер Сити" өз алаңында "Боруссия" Дортмунд командасын қабылдайды. "Қалалықтар" шабуылшысы Эрлинг Холанд бұрынғы командасына қарсы өтетін ойын алдында өз ойларымен бөлісті.

"Боруссияда бірнеше достарым бар. Команда қызметкерлерімен әлі де байланысып тұрамын.

Дортмундта тамаша уақыт өткіздім. Бұл тамаша клуб, онда өте жақсы адамдар жұмыс істейді.

Олар туралы тек жақсы сөздер айта аламын. Ол жерде екі жарым жыл бойы көптеген керемет естеліктерім қалды.

Бұл мен үшін ерекше ойын болады", – деді Холанд баспасөз мәслихатында. Еске сала кетейік, Холанд "Боруссия" сапында өткізген 89 ойында 86 гол соғып, 23 нәтижелі пас берген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Холанд: "Боруссия" керемет клуб