date

Роналду: 'Мен көп жыладым'


Шілде айының басында жол апаты салдарынан Диогу Жота мен оның інісі Андре Силва өмірден өтті. Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду өз әріптесі Диогу Жотаның қазасы туралы қалай хабар алғанын және бұл оқиғаға қалай қарағанын айтып берді.

"Маған бұл хабарды айтқанда сенбедім. Мен көп жыладым.

Бұл ел үшін, отбасылар, достар және командадағы әріптестер үшін өте, өте ауыр сәт болды. Бұл нағыз қайғы еді.

Өте, өте қайғылы хабар болды", - деді Роналду Пирс Морганмен сұхбатында. Айта кету керек, шілде айында Криштиану Роналду сын астында қалды, себебі ол Диогу Жотаның жерлеу рәсіміне бармаған еді.

Естеріңізге сала кетейік, "Ливерпуль" командасы осы қайғылы оқиғадан кейін Диогу Жотаның 20-нөмірін мәңгі сақтап қалуға шешім қабылдады.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Роналду: 'Мен көп жыладым'