date

Ерлинг Холанд: "Мен офсайдан жек көремін"


«Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд неге өте сирек офсайдқа түсіп қалатынын айтты. «Бұл мен үшін алғашқы маусым емес, мен іс жүзінде офсайдқа түсіп жатқан жоқпын.

Бұл әдетім 13 жасымнан басталды – сол кезде мен офсайдқа түспеуге назар аудара бастадым. «Манчестер Ситиге» келгеннен бері офсайдқа 18 рет түсіппін.

Үш жарым жылда 18 рет – меніңше, бұл қалыпты жағдай. Бұл – менің ойынымның бір бөлігі.

Мен офсайдтан жек көремін. Қазір, VAR дәуірінде, егер сен офсайдқа түсіп қалсаң, ешқандай мүмкіндік қалмайды.

Бірақ VAR маған көмектеседі, себебі офсайдтағы жағдайлар нақты анықталады. Мен 13 жасымнан бері осы бағытта жұмыс істеп келемін», – деді Холанд журналистерге.

Осы аптаның сәрсенбісінде, 5-қарашада, «Манчестер Сити» Чемпиондар лигасы аясында «Боруссияны» қабылдайды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Ерлинг Холанд: "Мен офсайдан жек көремін"