date

Гвардиола маусым ортасында демалысқа шығады

Гвардиола маусым ортасында демалысқа шығады
«Манчестер Сити» бас бапкері Хосеп Гвардиола қараша айындағы ұлттық құрама ойындары үшін бөлінген үзілісті пайдаланып, демалуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ол сейсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Ливерпульға қарсы ойынынан кейін 10 күндік демалысқа шығамын. Қыркүйек, қазан және қараша айларында халықаралық үзілістер болады.

Одан кейін бұл елде қараша, желтоқсан, қаңтар және ақпан айларында өте тығыз кезең басталады. Таңғаларлық деген сөз сәйкес келе ме, білмеймін, бірақ бұл өте күрделі кезең екені анық.

Мен бұл жерде 10 жылдан бері қызмет етемін және мұндай жағдайларда бірнеше рет болғанмын», – деді Гвардиола журналистерге. Еске сала кетсек, 5 қараша, сәрсенбі күні «Манчестер Сити» Англия чемпионаты аясында «Боруссия» клубына қарсы өз алаңында матч өткізеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Гвардиола маусым ортасында демалысқа шығады