
Испанияның беделді Marca басылымы Арсен Захарянның денсаулығы туралы жаңа мәлімет берді. Испания чемпионаты аясындағы "Атлетикке" қарсы ойында алаңға қосалқы құрамнан шыққан Захарян кейін өз орнын басқа футболшыға босатты.
Басылымның мәліметінше, 22 жастағы ресейлік жартылай қорғаушы командасының сейсенбі күні өткен жаттығуына қатыспаған. Мүмкін, ол "Реал Сосьедадтың" жұма күні, 7-қарашада "Эльче" клубына қарсы ойынына қатыса алмайды.
"Атлетикпен" өткен ойынан кейін команданың медициналық қызметі Захарянның жарақаты жоқ екенін, бірақ қолайсыздық сезінгенін хабарлаған еді. Қазіргі уақытта "Реал Сосьедад" Ла Лига турнир кестесінде 14-орында тұр.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз