
Мадридтің "Реал" клубының жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем Чемпиондар Лигасында жаңа рекорд орнатты. Ағылшын футболшысы бүгінгі "Ливерпульге" қарсы сырттағы ойында "қаймақ түстілердің" негізгі құрамында алаңға шықты.
Madrid Zone хабарлауынша, Беллингем осы турнирде 50 ойында қатысқан ең жас футболшы атанды (22 жас және 128 күн). Алдыңғы рекорд "Реалдың" бұрынғы қақпашысы Икер Касильясқа тиесілі еді.
Джуд Беллингем 2023 жылдың жазында Мадрид командасына қосылған болатын, оған дейін Дортмундтың "Боруссия" клубында ойнаған. "Ливерпуль" мен "Реал" арасындағы бүгінгі кездесудің оқиғаларын LiveResult.ru сайтынан мәтіндік онлайн-трансляция форматында қадағалауға болады.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар