date

Левандовский ойынға қайту сырын ашты

Левандовски ойынға қайту сырын ашты
“Барселона” шабуылшысы Роберт Левандовски жарақаттан кейін өзінің физикалық жағдайы және Польша ұлттық құрамасындағы қатысуы туралы пікір білдірді. - Көп ойын өткізген жоқпын.

Польша құрамасы маған ойын формамды қалпына келтіруге көмектесті. Соңғы апталарда жекелей бағдарлама бойынша жаттығу жасадым.

Ең маңыздысы, маусымды қалай бастайтының емес, оны қалай аяқтайтының. Бірнеше ойынды өткізіп алдым, бірақ қазір өзімді барған сайын жақсы сезінудемін, - деді футболшы журналистерге.

Осы Ла Лига маусымында польшалық шабуылшы 8 ойынға қатысып, 4 гол соқты. Чемпиондар лигасында ол 2 ойын өткізген, бірақ гол да, нәтижелі пас та жасамаған.

Футболшының “Барселонамен” жасаған келісімі 2026 жылдың жазында аяқталады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Левандовский ойынға қайту сырын ашты