
Мадридтің "Реал" клубының жартылай қорғаушысы Федерико Вальверде Чемпиондар лигасы аясында "Ливерпульге" қарсы өткен кездесуде (0:1) командасының жеңілісіне түсініктеме берді. Кездесудің жалғыз голын "қызылдар" сапындағы жартылай қорғаушы Алексис Мак Аллистер 61-минутта соқты.
"Біз "Энфилдке" жеңіс үшін келген едік. Мұнда ойнау өте қиын, "Ливерпуль" әрқашан қатты прессинг жасайды.
Алайда бізде де, оларда да мүмкіндіктер болды. Бүгінгі ойында стандарт жағдай шешуші рөл атқарды.
Мұндай сәттерде біз жақсырақ қорғануымыз, көбірек табандылық пен қалау көрсетуіміз керек еді", – деді Вальверде Madrid Universal басылымына берген сұхбатында. "Ливерпуль" мен "Реал" командалары топтық кезеңнің төрт турынан кейін 9 ұпайдан жинады.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.