date

Флик "Барселонадан" кетуі мүмкін


Испанияда Ханс-Дитер Фликтің осы маусым соңында "Барселонадан" кетуі мүмкін екені туралы әңгімелер таралуда. Неміс бапкері өзінің бапкерлер штабындағы әріптестеріне жұмыстан шаршағанын және келесі жылдың жазында қызметін аяқтауды жоспарлап отырғанын мәлімдеген, деп хабарлайды The Touchline басылымы ABC газетіне сілтеме жасап.

Соған қарамастан, дереккөздің айтуынша, ABC – Мадрид газеті болғандықтан, қорытынды жасамас бұрын басқа дереккөздерден растауды күткен дұрыс. Ханс-Дитер Флик 2024 жылдың жазында Чави Эрнандестің орнына "Барселона" бас бапкері қызметіне тағайындалған еді.

Бүгін "көк-гранаталар" Чемпиондар лигасы аясында Бельгия клубы "Брюгге"ге қарсы ойын өткізеді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Флик "Барселонадан" кетуі мүмкін