date

Дезире Дуэ 2025 жылдың үздік жас футболшысы деп танылды

Дезире Дуэ 2025 жылдың үздік жас футболшысы деп танылды

Франция құрамасы мен "Пари Сен-Жермен" жартылай қорғаушысы Дезире Дуэ 2025 жылы Еуропаның үздік жас футболшысы деп танылды. Бұл туралы беделді италиялық Tuttosport басылымы хабарлады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, 20 жастағы француз футболшысы соңғы маусымда нағыз сенсацияға айналды. Ол ПСЖ-мен бірқатар турнирлерде жеңіске жетіп, тек Францияда ғана емес, бүкіл Еуропада жас ұрпақтың жетекші ойыншыларының біріне айналды.

"Биыл Дезире Дуэ үшін феноменалды маусым болды. Ол алаңда тек нәтиже ғана емес, сонымен қатар мінез бен көшбасшылық қасиеттерін де көрсетті. Осылайша, "ПСЖ" тарихта алғаш рет Чемпиондар лигасын жеңіп алуда маңызды рөл атқарды," - делінген марапатты ұйымдастырушылардың мәлімдемесінде.

Еске сала кетейік, өткен жылы бұл жүлде "Барселона" вингері Ламин Ямалға бұйырған еді.

Дезире Дуэ 2024/25 жылғы маусымда барлық жарыстарда жалпы 61 ойынға қатысып, қарсыластар қақпасына 16 рет гол соғып, сонша рет ассист жасады. Бұл көрсеткіш оның жасы үшін таңқаларлықтай жоғары.

Жас футболшы "ПСЖ"-ның Еуропа деңгейіндегі тарихи жетістігінде - Чемпиондар Лигасын жеңуінде басты рөл атқарды. Сондай-ақ командасымен Франция чемпионаты мен ел Суперкубогын да жеңіп алды.

Сарапшылардың пікірінше, Дезьер Дуэнің биылғы жетістігі оны алдағы маусымдарда "Алтын доп" үшін күресуі мүмкін футболшылар қатарына қосуы мүмкін. Француз журналистері болса оны болашақта "ПСЖ"-ның жаңа символына айналуы мүмкін екенін айтуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Дезире Дуэ 2025 жылдың үздік жас футболшысы деп танылды